
ГКП на ПХВ "Ленгерская городская больница"

Ленгер қалалық ауруханасы Ленгер қаласының және Төлеби ауданының жақын жатқан тұрғындарына хирургиялық, терапевтік, педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық бейінді шұғыл және жоспарлы түрде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Аурухана 205 орынға арналған.
Ауруханада біліктілік санаты бар дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер көмек көрсетеді. Оның ішінде 9 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 10 екінші санатты дәрігерлер бар.
Хирургия бөлімінің операциялық блогы жаңа жабдықтармен жабдықталған және заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді.
2014 жылы терапия бөлімшесінде және балалар бөлімінде оңалту төсектері қойылды.
2015 жылы бактериологиялық зертхана ашылды.
Физиотерапия бөлімшесінде “Крион КАЭТ-01″қондырғысымен емдеу және оңалту жүргізіледі.
Ленгер қалалық аурухана бөлімшелері:
- Трансфузиология бөлімі
- Босандыру бөлімі
- Педиатрия бөлімі
- Терапия бөлімшесі
- Хирургия бөлімі
- Гинекология бөлімі
- Жан сақтау бөлімі
- Физиотерапия бөлімшесі
- Клиникалық-диагностикалық зертхана
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Ленгерская городская больница"Мекен-жайы:
Email:
РК ЮКО 161100 Толебийский р., г. Ленгер, мкр. Шанырак, ул. Капал Батыра 2
lgbtoleby@rambler.ru